Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы маңындағы лагерьге қатысты жанжал: прокуратура тергеуді бастады

Опубликовано:

қылмыстық іс
Қылмыстық кодекс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласының прокуратурасы балалар лагеріндегі жағдайға қатысты пікір білдірді – қадағалау органы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

"Алматы қаласының прокуратурасы "сауна ғимаратындағы балалар лагерінде" кәмелет жасқа толмаған жеткіншекті тәрбиелеу жөнінде құзіреттілігін асыра пайдалану (ҚК 361) және міндеттерін орындамау фактілері бойынша (ҚК 140) сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады", – делінген хабарламада.

Балалар лагерін қаржыландыру жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қалалық Білім басқармасы бюджетінің есебінен жүзеге асырылғаны анықталды. Бұл ретте, ұсынылған конкурстық құжаттама қойылатын талаптарға толық сәйкес келмейтіні әшкере болған.

Қылмыстық істерді тергеу Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды.

"Істерді тексеру шеңберінде орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары мен лагерь ұйымдастырушыларының іс-әрекеттеріне баға берілетін болады", – деп хабарлады прокуратурадан.

Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Іс прокуратураның ерекше бақылауында, деп қосты ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028983-almaty-manyndagy-lagerge-qatysty-zanzal-prokuratura-tergeudi-bastady/

pixel