Степногорск тұрғынының гаражынан жарылғыш зат табылды (видео)
Жарияланған күні:
Ақмола облысының қарт тұрғыны жарылғыш зат сақтады деген күдікке ілінді, деп хабарлады ІІМ жаңалықтарының Telegram-дағы ресми арнасы.
"Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Степногорск қаласында 61 жастағы тұрғын жарылғыш заттарды заңсыз сақтайтыны туралы жедел ақпарат алды", – делінген хабарламада.
ІІМ мәліметінше, ер адамның гаражын тексеру кезінде жарылғыш толқын бағыттаушылары болып табылатын 34 металл-цилиндрлік заттар табылған.
Факт Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028986-stepnogorsk-turgynynyn-garazynan-zarylgys-zat-tabyldy-video/