Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында пышақ жарақатын алған әкім көз жұмды: айыпталушыға үкім шықты

Опубликовано:

Ернар Махамбетов
Ернар Махамбетов. Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Ернар Махамбетовтың өліміне айыпталушыға үкім шығарылды. Бұл туралы Алға аудандық сотының баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айыптаудан белгілі болғандай, 2022 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе облысы Алға ауданы аумағында жергілікті тұрғын мен Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Ернар Махамбетов арасында жанжал болған.

Жанжал кезінде сотталушы мас күйінде шенеуніктің ішіне пышақ жарақатын салған, ішінен қатты қан кеткен әкім қайтыс болған.

Ер адам Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа тартылды. Марқұм небәрі 36 жаста болған.

Сот үкімі шыққанға дейін 48 жастағы айыпталушы марқұмның туыстарына өз еркімен 25 миллион теңге өтеп беріп, кінәсін толық мойындаған.

"Айыпталушы кінәлі деп танылды, ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – деп хабарлады Алға аудандық сотының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029018-aqtobe-oblysynda-pysaq-zaraqatyn-algan-akim-koz-zumdy-aiyptalusyga-ukim-syqty/

pixel