Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ветеринарлық бақылау комитеті мысық коронавирусы Қазақстанға жетті ме деген сауалға жауап берді

Опубликовано:

мысық
Мысық. Көрнекі фото: Рixabay.com

Әлем мысықтардағы коронавирустық пандемия туралы айтып жатыр. Кипрде 300 мың жануар өлді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау комитеті Қазақстанда мысықтарда коронавирус бар-жоғына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Сюжетте үй жануарларының кенеттен өліп кетуіне байланысты әлеуметтік желіде қазақстандықтар да дабыл қағып жатқаны айтылған.

"Менің мысығым бір түнде солай болып қалды және 2 сағаттан кейін өлді", "Менде де осындай мысық бар, ол да кеше өлді. Мысықтардың енесі үйден кетіп қалды, менің ойымша, ол да ауырып жатыр ...", "Бір ай бұрын анамның мысығы өлген, ол да бірнеше күнде әлсіреп, ақыры өліп қалды. Бәрі жақсы болатын, үйде мысық бар еді", – деп төрт аяқты достарынан айырылған ел тұрғындары өз оқиғаларымен бөліскен.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті азаматтардан шағым түспегенін айтады.

Мамандар да ауру жануарлардан адамға жұқпайтындықтан қазақстандықтарды үрейленбеуге шақырды. Бірақ үй жануарларында оғаш белгілер болған жағдайда дереу ветеринарлық емханаға хабарласу керек.

"Мысықтар тұқымдасындағы коронавирустық инфекцияның өзіндік штаммы бар екенін атап өткен жөн. Бұл штамм COVID-19 вирусынан ерекшеленеді, сонымен қатар адамдар үшін қауіпсіз. Егер үй жануарлары "өздерінің" штаммымен ауырса, бұл оларға кәдімгідей әсер етеді және дұрыс емделмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін", – деді Ветеринариялық бақылау комитеті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029020-veterinarlyq-baqylau-komiteti-mysyq-koronavirusy-qazaqstanga-zetti-me-degen-saualga-zauap-berdi/

pixel