Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Биылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100 пайыз үстемеақы қосылады. Бұл туралы Үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Үкімет Мемлекет басшысының аталған салада еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында тиісті қаулы қабылдады.

Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген.

"Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және тағы басқа мамандандырылған ұйымдар жатады.

Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды", - делінген ресми хабарламада.

Үкіметтің мәліметінше, жалпы осы салада 12 876 қызметкердің жалақысы көтеріледі. Бұл шара білікті кадрлардың тұрақтап қалуына және жалпы жұмыстың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029028-tabigatty-qorgau-mekemeleri-qyzmetkerlerinin-zalaqysy-koterildi/

pixel