Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда түйе мұнай шалшығына батып кетті

Опубликовано:

мұнайға батқан түйе
Түйе мұнайға батып кетті. Видеодан кадр: t.me/yyedilov

Әлеуметтік желілерде мұнай шалшығына батып кеткен түйе бейнеленген бейнеролик пайда болды. Осыған байланысты Маңғыстау Экология департаменті Mangystaumedia.kz басылымына пікір білдірді.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл Маңғыстау ауданының аумағында орналасқан "Шалба" учаскесіндегі NSH-P1 ұңғымасынан 2020 жылы төгілген мұнайдың эмульсиясы және ол мемлекеттің меншігінде.

Экология департаменті тарапынан Маңғыстау ауданының әкімдігіне және Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясына "Шалба" учаскесіндегі мұнайға түскен мал өлексесін алып, жою жұмыстарын жүргізуге хат жолданғаны айтылған.

"Бұған дейін департамент тарапынан бірнеше рет тиісті құзырлы органдарға, оның ішінде Энергетика министрлігіне және құқық қорғау органдарына хабарланған" – деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ Маңғыстау ауданының полиция бөлімімен 24.07.2020 жылы қылмыстық іс қозғалған, алайда қылмыс құрамы анықталмағандығына байланысты іс тоқтатылған.

Қазіргі кезде Энергетика министрлігі тарапынан "Шалба" учаскісіндегі мұнай кен орынын игеру үшін қайтадан мемлекеттік сатылым аукционына шығарылып, нәтижесінде ARK Petroleum ЖШС жеңімпаз атанды.

Алдағы уақытта ARK Petroleum ЖШС тарапынан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен аталған учаске бойынша тазалау және рекультивациялау жұмыстары жүргізілетін болады.

"Департамент ұсынысымен адам денсаулығына зиян келтірмеу мақсатында және үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарақия ауданы мен Маңғыстау ауданы әкімдіктері төгілген мұнай эмульсияларына уақытша топырақпен қоршау жұмыстарын жүргізген болатын.

Сондай-ақ Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығының 2-ші тарауының 4 тармағына орай үй жануарының иесі және жауапты адамы алаңдаушылық туғызуға, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруге, айналадағыларға зиян келтіруге жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті", – делінген ведомство хабарламасында.

Өз кезегінде, тағайындалған оператормен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарты дайындалған соң тазалау жұмыстарын жүргізуін департамент қатаң бақылауға алатынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029041-mangystauda-tuie-munai-salsygyna-batyp-ketti/

pixel