Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы балабақшалардың бірінде балалар хлор қосылған су ішіп, уланып қалған

Опубликовано:

Аурухана төсегінде жатқан бала
Аурухана төсегінде жатқан бала. Көрнекі фото: getty/stock photo

Қарағандылық ата-аналар қаладағы балабақшалардың бірінде балаларының хлор қосылған су ішіп, химиялық күйік алғанын мәлімдеген. Бұл туралы e-karaganda агенттігі хабарлады.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, балалар 10 шілдеде кешке уланып қалған. Уланған бүлдіршіндердің біріне екінші дәрежелі өңеш пен асқазанның химиялық күйігі диагнозы қойылған. Қазіргі күні балалар ауруханасында емделіп жатыр.

"Тәрбиеші хлор құйылған шәйнектегі суды жәй сумен шатастырып алып, стаканға құйып берген. Менің ұлымнан басқа тағы бір қыз уланды, бірақ оның жағдайы, менің білуімше, жақсы. Оқиға болған кезде бізге ешбір балабақша маманы хабарласып айтпады, тек кешке балаларымызды әкетуге келгенде бір-ақ білдік. Егер дер кезінде жедел жәрдем шақырып, балалардың асқазанын шайса, жағдай ушықпас еді", - деді зардап шеккен баланың анасы Алина.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы көпсалалы облыстық балалар ауруханасына 10 шілдеде бала уланған соң түскенін мәлімдеді.

"Тексеру жүргізіліп, ем тағайындалды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, қанағаттанарлыққа жақын. Оны шығаруға дайындалып жатыр", - деп хабардар етті ведомство.

Қарағанды ​​қалалық білім бөлімі оқиғаның ертеңіне, яғни 11 шілдеде бұған кінәлілер жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

"10 шілдеде балабақшада сағат 18.30 шамасында "Еркетай" тобының балалары серуендеп жүріп су сұраған. Тәрбиеші балаларға шәйнектен су құйған. Тәрбиешінің көмекшісі шәйнекті тазарту үшін део-хлордың бір таблеткасын салып қойған. Су алуға келген тәрбиеші бұл туралы білмеген. Медицина қызметкері сағат 18:55-те жедел жәрдем бригадасын шақырды. Бұл факт санитарлық нормаларды сақтау талаптарын білмеудің салдарынан болды. 11 шілдеде барлық кінәлі деп танылған медицина қызметкері, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді қалалық білім бөлімінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029050-qaragandydagy-balabaqsalardyn-birinde-balalar-xlor-isip-ulanyp-qalgan/

pixel