Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда қашып кеткен сотталушы ұсталды

Опубликовано:

Қарағандыдағы тұтқын
Тұтқын. Фото: Т.me/POLICE_of_KZ

Қарағанды ​​және Ұлытау облыстары бойынша қылмыстық атқару жүйесі Қарағандыдағы емдеу мекемесінен қашып кеткен сотталушының қазіргі кезде ұсталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствода айтылғандай, 18 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қашқынды ҚАЖД және өңірдің ПД жедел қызметкерлері ұстаған.

"Аталған факті бойынша Қарағанды облысы Полиция департаментімен Қылмыстық Кодекстің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе тұтқыннан қашу).

ҚПК талаптарына сәйкес тергеу мәліметтері мен өзге де мәліметтер жария етілмейді", – деп атап өтті Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД.

Мұнда қызметтік тексеру де басталғанын қосты.

Айта кетейік, Қарағанды ​​облысында 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден ауыр қылмыс жасаған сотталушы қашып кеткені белгілі болды.

35 жастағы сотталушы БҚО тумасы, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Азаматтың қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілген болатын. Полиция облыс тұрғындарынан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауын сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029062-qaragandyda-qasyp-ketken-sottalusy-ustaldy/

pixel