Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда шенеунік "пара алды" деген күдікпен қамауға алынды

Опубликовано:

Ақша және кісен
Ақша және кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты "пара алды" деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы Антикордың Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, олар жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп күдіктелуде.

"Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды", - деді Антикор өкілдері.

Құзырлы орган сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатқанын, қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлім етті.

Антикор Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029077-turkistanda-seneunik-para-aldy-degen-kudikpen-qamauga-alyndy/

pixel