Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында ер адам тоғандағы суға батып кете жаздаған екі баланы құтқарып қалды

Опубликовано:

өзен
Өзен. Көрнекі фото: Рixabay.com

Абай облысы Бородулиха ауданында ер адам тоғандағы суға батып кете жаздаған екі баланы құтқарып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 17 шілде күні сағат 18:12-де "112" пультіне Бородулиха ауданында суға батып кете жаздаған екі баланың құтқарылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Ақпарат жинау барысында 2014 және 2015 жылы туған балаларды оқиға куәгері Бердюгин Сергей Михайлович құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырғаны анықталған.

Белгілі болғандай, балалар Веселовский тоғанында шомылып жүргенде кезде суға батып кете жаздаған.

Дәрігерлердің тексеруінен кейін балалар Бородулиха орталық аудандық ауруханасына жатқызылған. Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Осы орайда ТЖМ өкілдері судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін тағы да еске салды.

  • мас күйде шомылмау;
  • балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау;
  • жалғыз шомылмау;
  • бейтаныс су қоймаларында шомылмау (белгісіз тереңдік, тастар, ағаштар қауіптің көзі болуы мүмкін);
  • судағы шектеу белгілері мен буйкалардан асып жүзіп кетпеу;
  • жүзуге арналған резеңкелі төсеніштер мен автомобиль камераларында шомылмау;
  • кемелерге жақындамау.

"Егер сізге қауіп төніп тұрса немесе жазатайым оқиғаның куәгері болсаңыз, "112" нөміріне қоңырау шалыңыздар", - дейді ТЖМ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029098-abai-oblysy-er-adam-suga-batyp-bara-zatqan-eki-balany-qutqaryp-qaldy/

pixel