Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында басқарма басшысының орынбасары 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Конверттегі ақша
Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысында басқарма басшысының орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Бизнеске жол" жобасын іске асыру аясында Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Ол мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру қызметтерін көрсетуге, сондай-ақ орындалған жұмыстар туралы актілерге кедергісіз қол қою бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқаны үшін 10 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Жасалған шарттың жалпы сомасы 280 млн теңгені құрайды", - делінген хабарламада.

Агенттік хабарлауынша, тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Сондай-ақ Антикор тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Сонымен қатар агенттік Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19 бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029116-turkistan-oblysynda-basqarma-bassysynyn-orynbasary-10-mln-tenge-koleminde-para-aldy-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel