Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірнеше төлем әдісі бар": Алматыда ақылы автотұрақтар қалай жұмыс істейді

Опубликовано:

Көлік
Автотұрақтағы көліктер. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда ақылы автотұрақтарды іске қосу әр аудан бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл туралы Алматы қалалық мобильдік басқармасы Instagram парақшасында хабарлады.

Алматы қалалық мобильдік басқарманың хабарлауынша, алғашқы ақылы автотұрақ Медеу ауданында, кейін Алмалы, Бостандық және т.б. ауданда іске қосылады.

"Бүгінде тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтарда жерді қайта ресімдеу жұмыстары аяқталды, Медеу ауданында жаңа операторды көрсете отырып, ақпараттық тақтайшаларды ауыстыру басталды. Бақылау тақталары сонымен қатар аймақ нөмірін, тұрақ уақытын және төлем әдістерін көрсетеді", - делінген хабарламада.

Мобильдік басқарма мәліметінше, жаңа ақпараттық тақтайшалары бар аудандар фото-бейнетіркеудің мобильді кешендерімен бақыланатын болады. Жаңа плиткалар мен аймақтар белгіленбеген жерлерде төлем уақытша алынбайды.

Сондай-ақ мобильдік басқарма бүгінде ақылы автотұрақтарда үш төлем әдісі қолданылатынын атап өтті:

  • ЕДБ (Екінші деңгейлі банктер) қосымшасын пайдаланып, тақтада көрсетілген жалғыз QR код арқылы. Қазір автотұрақтарда Kaspi қосымшасы арқылы төлем жасауға мүмкіндік бар. Ал Halyk Bank қосымшасын 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін қосу жоспарлануда. Сонымен қатар Forte Bank, Jusan Bank, "Банк ЦентрКредит" қосымшаларын да қосу мәселесі пысықталуда.
  • Android қолданушылары "Алматы автотұрақтары" мобильді қосымшасы арқылы төлем жасай алады. Қосымшаны Play Store дүкенінен жүктеп алу қажет. Ал Apple пайдаланушыларына арналған қосымша биылғы жылдың тамыз айының екінші жартысына дейін Apple Store мақұлдағаннан кейін қолжетімді болады.
  • Сондай-ақ төлемді almaty-parking.kz сайты арқылы да жасауға мүмкіндік бар. Ол үшін картадан тұрақты таңдап, көлік нөмірін және тұрақ уақытын көрсетіп, төлем картасының мәліметтерін енгізіп, төлемді аяқтау қажет. Картамен төлем Halyk Bank интернет-эквайринг арқылы жүзеге асырылады.

Ал 2023 жылдың 11 тамызынан бастап автокөлік иелері тұрақ ақысын SMS арқылы және Qiwi және Каssa24 терминалдары арқылы төлей алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029129-almatyda-avtoturaqtardy-iske-qosu-zumystary-qalai-zurgiziledi/

pixel