Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстіктің қарапайым мұғалімі Солтүстік Қазақстанда қалай әкім болғанын айтты

Опубликовано:

Көк киімде Болат Байдүйсен
Көк киімде Болат Байдүйсен. Скриншот: "Түркістан" арнасы

Оңтүстікте туып-өскен азамат Солтүстік Қазақстанда әкім қызметіне дейін көтерілді. Бұл туралы "Түркістан" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ақжар ауылында оңтүстіктен келген 8 отбасы өмір сүреді. Оның ішінде Отырар ауданы Маяқұм ауылының тумасы Болат Байдүйсен де бар.

Ол жанұясымен бірге осыдан жеті жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келген. Оңтүстікте мұғалімдік қызметте болған ол қоныс аударған соң, әкім қызметіне дейін көтерілді.

"Енді бәріне де үйренесің ғой. Алғаш келгенде мектепте мұғалім болып бастадық. Екі жылдан соң әкім қызметіне тағайындалдым. Бұл қызметті шама-шарқым жеткенге бір жарым жыл атқарған жайым бар. Шама келгенше елге қызмет етіп, көптеген жұмысты атқардық. Қазіргі таңда білім саласына қайта оралдым. Қандай қызмет болса да, халықпен араласып, басы-қасында жүрдім. Негізінен әкім болуға лайықты адамдардың кандидатурасын ауыл тұрғандары ұсынды", - дейді Болат Байдүйсен.

Бұл ауылда қазақ пен орыс ұлтының өкілдерінен бөлек, Моңғолиядан көшіп келген қандастар тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029135-ontustiktin-qarapaiym-mugalimi-soltustik-qazaqstanda-qalai-akim-bolganyn-aitty/

pixel