Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы кинотеатрлардың біріне "жарылғыш зат" қойылды деген ақпарат келіп түсті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда полицияға сауда ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатр аумағы жарылғыш зат қойылды деген хабар келіп түскен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, аталған ақпарат сағат 16:25-те келіп түскен. Содан кейін оқиға орнына жедел қызметтер жіберілген.

"Мұндай хабарламаларға әрекет ету алгоритмі бойынша нысанға қаланың төтенше және жедел қызметтері жұмылдырылды. Сапер бөлімшелері комиссиялық тексеру жүргізді, жарылғыш зат табылмады", - делінген хабарламада.

Полицияның ақпаратынша, қазіргі уақытта жалған террористің жеке-басы анықталуда. Ол Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Ал әлеуметтік желілерде қазақсандықтар оқиға орнында түсірілген кадрларды жариялады. Бейнежазбалардан сауда орталығына келушілердің эвакуацияланғанын көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029158-almatydagy-kinoteatrlardyn-birine-zarylgys-zat-qoiyldy-degen-aqparat-kelip-tusti/

pixel