jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Павлодар облысында кәсіпкер әкімді соққыға жықты деп айыптауда

Жұдырық
Жұдырық. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысы Железин ауданында кәсіпкер Павлодар ауылының әкімін сотқа берді. Ер адам шенеунікті өзін ұрды деп айыптауда. Бұл туралы Pavlodarnews.kz басылым хабарлады.

Басылым мәліметінше, 17 маусымда кәсіпкер мен ауыл әкімі павлодарлық дәмханада ортақ досы шақырған іс-шарада болған. Кешке дәретханада ер адамдардың арасында жанжал шығып, жанжал барысында шенеунік кәсіпкердің кеуде тұсынан және басынан ұрған.

Бұл жайттан кейін кәсіпкер полицияға жүгінген.

Сот отырысында белгілі болғандай, жәбірленуші полиция мен дәрігерге бірден жүгінбеген. Оған 20 маусымда Железин аудандық ауруханасында көмек көрсетілген.

Медицина қызметкерлерінің қорытындысына сәйкес, ер адамның соққыдан кеуде қуысы көгеріп, басынан жарақат алғаны анықталған.

Басылымның жазуынша, қазіргі таңда аталаған іс ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабы ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша қаралып жатыр. 

Әкім өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Ол дәретхана ішіндегі кабинкадан шығып жатқан шуды естігенін, бірақ сол күні ешкімге қол көтермегенін айтқан. Сондай-ақ айыпталушы кәсіпкердің мас күйде болғанын атап өткен.

Сонымен қатар ауыл әкімі кәсіпкер екеуі бұрыннан таныс екенін, жанжалдың шығуына себеп болмағанын айта кеткен.

Әзірге іс бойынша ешқандай шешім қабылданған жоқ.

Павлодар облысында кәсіпкер әкімді соққыға жықты деп айыптауда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.