jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Түркістанда кәмелетке толмаған балаларға заңсыз діни сабақ өткізген азамат анықталды

Діни білім алып отырған оқушылар
Оқушылар. Фото: Рolisia.kz

Түркістанда кәмелетке толмаған 70-ке жуық балаға заңсыз діни сабақ өткізген азамат анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп, жедел іс-шаралар өткізген. Нәтижесінде мамандар кәмелетке толмағандарға заңсыз діни сабақ берген ер адамды анықтаған.

"Яғни, Түркістан қаласының тұрғыны үйінде 5 жастан 17 жасқа дейінгі 68 балаға сабақ беріп, діни уағыздарды заңсыз өткізген, ал оқу ақысы 100 мың теңгені құраған. Күдіктінің мекенжайы бойынша тексеру жүргізу кезінде 68 бала діни бағыт бойынша сабақ алғаны расталды.

Сондай-ақ оқушылар арасында Түркістан ғана емес, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Өзбекстан Республикасының балалары да білім алғаны анықталды", – дейді құқық қорғау өкілдері.

Оған қоса полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен сараптамаға бағытталған 100-ден астам діни сипаттағы кітаптарды тәркілеген.

Ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-бөлігі ("Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз діни қызметпен айналысқаны және діни әдебиеттерді таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Түркістанда кәмелетке толмаған балаларға заңсыз діни сабақ өткізген азамат анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.