Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда талапқа сай келмейтін тағы бір балалар лагері анықталды

Опубликовано:

Ойнап жүрген балалар
Жазғы лагерь. Көрнекі сурет: pexels.com

Алматы қалалық білім бөлімі лагерь басшылығымен сапасыз қызмет үшін арадағы келісім шартты бұзған. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарлады.

Ведоство мәліметінше, жазғы лагерлерьді тексерген қалалық білім басқармасының қызметкерлері "Тау самалы" лагеріне ("Айсұлу және Т" ЖШС) балаларды кіргізбеу туралы шешім қабылдаған.

"Лагерьге жолдың қашықтығын және балалардың ерекше білім беру қажеттілігін ескере отырып, олар Қаскелең қаласындағы жеке мектепте уақытша орналастырылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін медициналық қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік етеді", - деді білім басқармасындағылар.

Қалалық білім басқармасы өкілдері қазіргі таңда мектепте демалып жатқан балаларға ерекше бақылау қойылғанын атап өтті.

"Жанұя" мамандандырылған кешенінің тәрбиеленушілері осы мектепте болған кезеңде оларға алты рет тамақтандыру, мәдени іс-шаралар және тағы басқа шаралар ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Алматы қаласының білім басқармасы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша шарттарды дұрыс орындамаған "Айсұлу және Т" ЖШС-мен келісім шартты бұзған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029271-almatyda-talapqa-sai-kelmeitin-tagy-bir-balalar-lageri-anyqtaldy/

pixel