Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда урбанистика басқармасының экс-басшысы ұсталды

Опубликовано:

Кісен салу
Полицей қолға кісен салуда. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, агенттік жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасаған. Нәтижесінде Алматы қаласының жер қатынастары саласындағы жүйелі жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық істерді тіркеп, тергеу жүргізуде.

Агенттік өкілдерінің айтуынша қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы жер учаскелерін беру және объектілердің құрылысын келісу кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

"Мәселен, ол жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінде, нысаналы мақсатына қарамастан және құрылыстың тығыздығын ескермей, жекелеген құрылыс компанияларының мүддесі үшін 2020-2023 жылдары 3 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын заңсыз келіскен.

Нәтижесінде мемлекетке 307 млн теңгеден астам сомаға жер учаскелерінің төленбеген кадастрлық құны түрінде залал келтірілді", – дейді Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Бұдан басқа, 2020 жылы медициналық орталық пен ХҚКО-ның құрылысын заңсыз келісе отырып (инвестициялық жобаларды іске асыру түрімен), мүдделі тұлғалардың жеке меншігіне жер учаскелерін төмен құны бойынша одан әрі негізсіз беруге ықпал еткен. Нәтижесінде шығғын көлемі 180 млн теңгені құраған.

"Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, басқа лауазымды адамдардың қатыстығы тексерілуде", – дейді Арман Тілеукенов.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029276-almatyda-urbanistika-basqarmasynyn-bassysy-ustaldy/

pixel