Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады деп күтілуде
Жарияланған күні:
Читать на русскомСиноптиктер алдағы үш күнге, 20-22 шілдеге дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжауынша, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Сондай-ақ республиканың солтүстік-батысы, солтүстігі, шығысы мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.
Ал Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклонның әсерінен 21 шілдеден бастап жауын-шашын тоқтайды деп күтілуде. Ал солтүстік, шығыс және орталық облыстарда түнде ауа температурасы +10...+18 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Метеорологтардың мәліметі бойынша, алдағы күндері Астанада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел жылдамдығы 9-14 м/с болса, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
- Елордада 20 шілдеде түнде +16...+18 градус, күндіз +27...+29 градус;
- 21 шілдеде түнде +16...+18 градус, күндіз +26...+28 градус;
- 22 шілдеде түнде +13...+15 градус, күндіз +26...+28 градус жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шыққанымен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел жылдамдығы 3-8 м/с, ал екпіні 13 м/с жетеді.
- Оңтүстік астанада 20 шілдеде түнде +21...+23 градус, күндіз +32...+34 градус;
- 21 шілдеде түнде +21...+23 градус, күндіз +30...+32 градус;
- 22 шілдеде ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +33...+35 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте үш күн бойы көшпелі бұлт шығады, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Жел жылдамдығы 8-13 м/с болады.
- Мегаполисте 20 шілдеде түнде +19...+21 градус, күндіз +34...+36 градус жылы болады;
- 21 шілдеде түнде +21...+23 градус, күндіз +35...+37 градус градус ыстық болады;
- 22 шілдеде термометрлер түнде +23...+25 градус, күндіз +37...+39 градусты көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029304-qazaqstanda-aldagy-kunderi-aptap-ystyq-basylyp-zanbyr-zauady-dep-kutilude/