Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экология министрі таязданған қызғылт түсті көлге барды (фото)

Опубликовано:

Зүлфия Сүлейменова Коряковка көліне барды
Экология министрлігінің өкілдері Коряковка көліне барды. Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Павлодар облысындағы қызғылт түсті Коряковка көліне барды, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтында.

Ведоство мәліметінше, көлге келген министрлік қызметкерлері, әкімдік өкілдері, экологтар, жергілікті тұрғындар су айдынынан тұзды өндіру (өнеркәсіптік көлемде емес) фактісі болғанын атап өтті. Негізінен, халық өз қажеттіліктері үшін көлден тұзды жинаған.

"Егер көлдің таяздануы туралы айтатын болсақ, Коряковка көлінің тартылуы табиғи-климаттық жағдайларға байланысты. Биыл су шаруашылығы үшін қолайсыз климаттық жағдай туындағанын атап өту керек. Қыста қар аз түсті және жыл басынан бері ағын судың болмауына байланысты, көлдің су деңгейі төмендеп кетті. Ал өзендер мен салалар түрінде көлге құятын табиғи қоректену көзі жоқ. Сонымен қатар, биыл өңірде су аз, құрғақшылық пен ауа райының жоғары температурасы байқалады", - деді Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ермек Омаров.

Зүлфия Сүлейменова Коряковка көліне барды
Зүлфия Сүлейменова Коряковка көліне барды. Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Сондай-ақ жергілікті тұрғындар соңғы төрт жылда ауа райына байланысты көл шынымен де тартылып кеткенін, бірақ бұл циклдік, климаттық жағдайлармен байланысты екенін атап өтті.

"Коряковка көлі жазық ойпатта орналасқан. Көлдің ауданы шамамен 11 км2, ұзындығы 5,6 км, ені 1,5 км. Су айдынының ауданы 4,1 км2, тереңдігі 0,3-0,7 м. Көл - тұзды шөгіндіден құралған. Тұз қабатының тығыздығы құбылмалы, 0,42-ден 0,76 м аралығында, орташа 0,61 м. Көл Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде орналасқан. Көлге ең жақын орналаскан елді мекендер: Коряковка (батысқа қарай) және Кеменгер (солтүстік-шығысқа қарай) ауылдары. Аудан жер бедері жазық құрғақ дала аймағында орналасқан. Коряковка ағынсыз көлге жатады. Сондықтан негізінен күзгі және қысқы жауын-шашын мөлшері есебінен толып отырады. Ол Павлодар облысының балық шаруашылығы су айдындарының тізіміне кірмейді.", - делінген ведомство хабарламасында.

Коряковка көлі
Коряковка көлі. Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Сапар қорытындысы бойынша көл аумағын көлік шиналарынан тазарту, учаскелік инспекторларға көлдің аумағына автокөлікпен кіруді бақылауды күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029306-ekologiya-ministri-tayazdangan-qyzgylt-tusti-kolge-bardy-foto/

pixel