Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылда құны 5 млн теңгені құрайтын рельс бекітпелері ұрланған

Опубликовано:

пойыз жолы
Рельс. Фото: KAZ.NUR.KZ

Жамбылда желілік полицияның лауазымды қызметкерлері ірі көлемдегі рельс бекітпелерінің ұрлығын жасырды деген күдікке ілініп, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. "Тараз" станциясында ұрланған 5 мың дана бекіткіштің жалпы құны 5 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл дерек Бас көлік прокуратурасы мен Көліктегі полиция департаменті тексеру жүргізгенде белгілі болған.

Ведомствоның мәліметінше, аумақта 13 рет ұрлық жасалған. Сондай-ақ тағы 4 дерек бойынша жасыру ісі Қарағанды облысынан да анықталған.

Рельс бекітпесі
Ресль бекітпесі. Фото: KAZ.NUR.KZ

Айта кетейік, бұл шойын жол бөлшектері рельстердің беріктігі мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Яғни жоғары жылдамдық кезінде пойыздардың рельстен шығып кетпеуі осы бөлшектерге байланысты.

"Желілік полиция жасырып келген. Көлік полициясы департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы "Тараз" станциясындағы желілік полиция бөлімінің лауазымды тұлғаларының "ФОССЛО" бекіткіштері ұрлығын жасыру деректерін анықтады. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 433 бабы - Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - дейді Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айбол Нұрланұлы.

Еске сала кетейік, күні кеше Шу аудандағы "Аспара" станциясында жүк пойызы рельстен шығып кеткен болатын. Екі электровоз, бір тепловоз бен 4 вагон аударылып қалды. Әзірге апат себебі анықталмады.

Автор: Ұлдана Жұбай

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029326-zambylda-quny-5-mln-tengeni-quraityn-rels-bekitpeleri-urlangan/

pixel