Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәмді кәуапқа арналған алты түрлі маринадтың рецебін білесіз бе

Опубликовано:

Кәуапқа
Фото: Choco

Жазда компаниямен суға шомылу, тауға шығу сияқты демалыстарды кәуапсыз елестету қиын. Төмендегі материалда кәуапқа арналған үздік маринадтар ұсынылған. Маринадтап үлгермейтіндерге ең дәмді кәуапқа қалай тапсырыс беру керегін айтуды да ұмытпадық.

Маринадтау әдетте етті жұмсарту, ерекші дәм беру үшін жасалады. Егер тек жұмсарту қажет болса, жас малдың етін маринадтамаса да болады. Өйткені жас мал еті әдетте былбырап, жұмсақ болып піседі. Тек тұздап, бұрыш қосып дәмін келтірсе жеткілікті. Ал еттің дәмі өзгеше, иісі аңқып тұрғанын қаласаңыз, онда маринадтаудың түрі көп. Көп жағдайда жас болса, тауық етін жарты сағат, сиыр, қой етін 1-2 сағат маринадтау жеткілікті. Ал ет балғын екеніне көз жетпесе, кәуап жұмсақ әрі нәрлі болуы үшін тауық еті кемі 2 сағат, сиыр, қой еті 6 сағат маринадта тұрғаны дұрыс. Етке қосылатын пияз антибактериялық қасиетке ие болғандықтан, етті тоңазытқышқа сала отырып маринадта 12 сағат, тіпті бір тәулік ұстаса да артық етпейді.

Кәуапқа арналған үздік маринадтар

Ингредиенттер 2 келі етке шақталған.

1. Пияз маринады

Ингредиенттер:

  • 500 г пияз;
  • тұз;
  • ұнтақталған қара бұрыш.

Әзірленуі

Пиязды турап, блендер көмегімен езбеге айналдырыңыз. Дәміне қарай тұздап, бұрыш сеуіп, етпен жақсылап араластырасыз. Пісіргенде пияз күйіп кетпес үшін еттің әр тілімін салфеткамен сулап қоюға болады.

2. Айран маринады

Мұндай әдіспен маринадталған ет өте нәрлі, дұрыс таңдалған дәмдеуіштердің арқасында иісі мұрын жарарлықтай болады.

Ингредиенттер:

  • 700 г пияз;
  • Үлкен қасықпен жартылай хмели-сунели дәмдеуіші;
  • тұз;
  • ұнтақталған бұрыш;
  • 700 мл майлылығы төмен айран.

Әзірленуі

Пиязды майдалап турап, терең ыдысқа салып, сөлі бөлінуі үшін аздап сығу керек. Мұнан соң алдымен дәмдеуішпен, кейін етпен араластырыңыз. Артынша айран құйып, аузын жауып бәрі араласуы үшін жақсылап шайқау керек.

3. Минералды сумен маринадтау

Газдалған минералды су кәуапты былбыратып, жұмсақ етіп пісуіне көмектеседі.

Ингредиенттер:

  • пияз;
  • бір қасық сұйық май;
  • жарты қасық кәуапқа арналған дәмдеуіш;
  • тұз;
  • ұнтақталған қара бұрыш;
  • 5 тал сарымсақ;
  • 1 л газдалған су.

Әзірленуі

Пиязды шеңбер тәріздес етіп турап, етке салыңыз. Май, дәмдеуіштер, ұстақталған сарымсақ қосып араластырыңыз. Артынша минералды су құйып, бұқтырып қойыңыз.

4. Жалбыз маринады

Бұндай маринад кәуапқа жалбыз бен өткір қышқыл дәм береді.

Ингредиенттер:

  • жарты қасық кәуап дәмдеуіші;
  • тұз;
  • 3 жалбыз бумасы;
  • 500 г пияз;

Әзірленуі

Етті дәмқосарлармен жақсылап араластырасыз. Ыдыс түбіне жалбызды, оның бетіне етті, оның бетіне жалбызды тастап, индегриент таусылғанша бірнеше қабат жасайсыз. Соңғы қабаттың беткі жағында жалбыз тұруға тиіс. Маринад уақыты аяқталуға жарты сағат қалғанда шеңбер сияқты туралған пиязды бетіне тастап, араластырасыз.

5. Томат маринады

Томат шырыны да етті жұмсартатын қасиетке ие. Ол кәуапты дәмді етіп қана қоймай, етке ерекше қызыл реңк береді.

Ингредиенттер:

  • 500 г пияз;
  • жарты қасық кәуап дәмдеуіші;
  • тұз;
  • қара бұрыш;
  • 3-5 дана сарымсақ;
  • жарты литр томат шырыны.

Әзірленуі

Етті шеңбер тәріздес туралған пияз, дәмдеуіштер мен үгітілген сарымсақ қосып араластырыңыз. Томат шырынын құйып, бетін жауып, межелі уақытқа дейін қалдырып қойыңыз.

6. Майонез қосылған маринад

Сапалы майонез етті нәрлі етіп, қош иіс береді.

Ингредиенттер:

  • 300 пияз:
  • 500 мл майонез;
  • 1 қасық карри;
  • тұз;
  • ұнтақ бұрыш;

Әзірленуі

Блендермен пиязды езбеге айналдырып, ет, майонез, пияз езбесі, дәмдеуіштер бәрін жақсылап араластыру қажет.

Маринадқа қажетті барлық дәмді азық-түлікті Choco қосымшасынан 15 минутта жеткізу қызметімен сатып алсаңыз болады. Ал маринад әзірлеуге уақыт тапшы болса немесе мейрамханадан дайын маринад, піскен кәуап алғыңыз келсе, оның да жолы оңай. Әр қалада дәмі тіл үйірер кәуап әзірлейтін жерлер жетерлік. Солардан Chocofood арқылы тапсырыс берсеңіз, кәуаптың қалаған түрін жеткізіп береді. Өзіңізге ыңғайлысын таңдап, жайдары жазда жанға жайлы демалыстан рахат алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029397-damdi-kauapqa-arnalgan-alty-turli-marinadtyn-recebin-bilesiz-be/

pixel