jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қостанайда облыс аумағы мен Астанада жалған АҚШ долларын сатқан бес адам сотталды

    валюталар
    Валюталар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қостанайда облыс аумағы мен Астанада жалған АҚШ долларын сатқан бес адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Агенттік мәліметінше, сотталушыларға "Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу" бабы бойынша, сондай-ақ жәбірленушілерді алдау фактілері болғандықтан "Алаяқтық" бабы бойынша айып тағылған.

    Агенттіктің ақпаратынша, сотталушылардың бірі С. есімді азамат валют тауып әкелумен айналысса, А. мен Т. Қостанай облысының аумағында сатуды жүзеге асырған, ал Астана аумағында таратуды ерлі-зайыпты жүргізген.

    Сотқа дейінгі тергеу барысында 30 000 жалған доллар анықталып, оның 28 600-і тәркіленген.

    Сот үкімімен С. 5,5 жылға (жазасын қауіпсіздігі ең төмен мекемеде өтейді), А. мен Т. 5,5 жылға (жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді) бас бостандығынан айырылған.

    Ерлі-зайыпты шартты түрде 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылған.

    Қостанайда облыс аумағы мен Астанада жалған АҚШ долларын сатқан бес адам сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.