"Басқа еркектен жүкті әйелге үйлендім": келіншегін бұрынғы жігітінен қызғанған ер азамат көпшіліктен кеңес сұрады
Жарияланған күні:
Осыдан төрт жыл бұрын өзге еркектен жүкті әйелге үйленген Алмат есімді тұрғын көпшіліктен көмек сұрады. Ол өзі өсірген ұлының туған әкесінен қауіптенуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алмат сүйіктісін жүктілігіне қарамастан, өзіне жар еткен. Оның махаббатына әйелінің басқадан жүкті болып қалғаны да кедергі келтірмейді. Ер азамат ұлына өзінің тегін беріп, өзінің туған баласындай жақсы көріп кетеді. Бірақ бақытты отбасының шырқын баланың туған әкесі бұзуда.
Алмат сыныптасы Перизатқа бала күнінен ғашық еді. Тіпті, мектеп бітірген соң оны ұнататынын айтып, сезімін де білдірген. Алайда Перизаттың таңдауы басқа адамға түсіп, Алмат туған қаласынан кетіп қалады.
"Көрші қалада жоғары оқу орнына түстім. Қыздарға көп көңіл аудармай, білімімді жетілдіруді мақсат еткенмін. Әрине, әлеуметтік желі арқылы Перизаттың өмірін бақылап тұрдым. Бірақ онымен сөйлесе алмадым. Себебі арамызда көрінбейтін қамал бар еді", - дейді ол.
Алмат оқуын аяқтап, туған қаласында жұмысқа тұрады. Сондай күндердің бірінде Перизат хабарласып, өз жағдайын баяндаған.
"Кездескен соң ол өзінің жүкті екенін, сүйген жігіті үйленбей, тастап кеткенін айтты. Тек аборт жасату үшін ақша салып жіберген. Перизаттың көз жасы көл болып, өмірден түңіліп кеткенін байқалды. Мен дереу үйленуге ұсыныс беріп, оның сәбиін де қабылдадым", - дейді Алмат.
Екі жастың үйлену тойы дүркіреп өтіп, Алматтың ата-анасы алғашқы немересін асыға күтеді. Себебі оларда баланың әкесіне қатысты еш күдік болмаған. Ер жігіт бұл құпияны ешкімге айтпаған еді.
"Жақында Перизаттың бұрынғы жігітімен хат алмасып жүргенін байқадым. Ол өзінің ұлын көргісі келеді. Бұл менің ашуымды келтірді. Төрт жыл бойы өзім тәрбиелеп, туғанымдай болып кеткен баланы оған көрсеткім келмейді. Перизатпен бұл жайында бірнеше рет сөзге де келдік. Содан бері әйелімнің маған суып кеткені байқалады. Ол көп сөйлемей, жұмыста жиі айналатынды шығарды. Қазір тығырыққа тірелдім. Ата-анама не айтамын? Ақыл қосыңыздаршы", - деді Алмат.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029445-basqa-erkekten-zukti-aielge-uilendim-kelinsegin-buryngy-zigitinen-qyzgangan-er-azamat-kopsilikten-kenes-surady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.