Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында кішкентай қызды аузы мен қолын байлап әкеткен әйелге қатысты іс қозғалды

Опубликовано:

қыз бала
Кішкентай қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде аузы мен қолы матамен байланған бала мен оны көзден таса жерге алып бара жатқан әйелдің әрекеті жазылған видео тарады. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева оқиғаға қатысы бар тұлға анықталғанын мәлім етті. Аталған жайтқа қатысты Алматы облыстық полиция департаменті де пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Facebook парақшасында жариялаған жазбасына сәйкес, оқиға Алматы облысы Қарғалы ауылында болған.

"Қыз табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрған. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Қыздың анасының сөзінше, мұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін. Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады", - деп жазды Динара Зәкиева.

Оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі де пікір білдірді. Полиция күдікті әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

"Instagram желісін мониторингілеу барысында белгісіз әйелдің 2015 жылғы қыздың аузы мен қолын байлап, оны Қарғалы ауылындағы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарғаны бейнеленген бейнежазба анықталды.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері 1999 жылғы Т. есімді азаматшаны анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол мұны жас баланың ата-анасымен жағымсыз жеке қарым-қатынасы салдарынан жасаған.

Дерек Қылмыстық кодекстің 389-бабы бойынша Жамбыл ауданының полиция басқармасында тіркелді. Іс бойынша процестік шешім қабылдау үшін барлық мән-жайлар анықталатын болады. Сонымен қатар қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды", - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Ернар Сайделдин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029456-qaryz-sebep-boluy-mumkin-almaty-oblysynda-kiskentai-qyzdy-auzy-men-qolyn-bailap-aketken-aielge-qatysty-is-qozgaldy/

pixel