Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ер адам мен жедел жәрдем жүргізушісі арасындағы төбелес: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Опубликовано:

Түрістан облысында жолда болған төбелес
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

Желіде Түркістан облысында ер адам мен жедел жәрдем қызметкері арасындағы төбелестің видеосы пайда болды. Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Ер адамдар арасындағы төбелестің видеосы желіде таралуда.

Видео сипаттамасында ер кісінің жедел жәрдем қызметкерімен төбелескені, сондай-ақ оның қолында сыраға ұқсас заттың болғаны, кейін ол полицияның көзінше көлігімен кетіп қалғаны айтылған.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға биыл сәуір айында болған.

Ведомство ақпаратынша, 28 сәуір күні Төлеби аудандық полиция бөліміне Леңгір қаласында Volkswagen Passat жүргізушісі жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына келген полицейлер шақыртумен кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне көпірде ер адамның жол бермегенін анықтады. Салдарынан олардың арасында жанжал туындап, жедел жәрдем қызметкері дене жарақатын алған. Құқық бұзушының заңға қайшы әрекетін полиция қызметерлері тоқтатты. Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі медициналық тексерістен өтіп, нәтижесінде оның жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды", - делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ құзырлы орган құқық бұзушыға қатысты бұзақылық әрекеттері мен дене жарақатын салу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

"Тергеу барысында жедел жәрдем жүргізушісі ешқандай шағымы жоқ екені туралы қарсы арыз түсірген. Тараптардың татуласуына байланысты 25 маусымда қылмыстық іс ҚР ҚПК 35-бабы 1-бөлігі және 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес тоқтатылды. Сонымен бірге Volkswagen Passat жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару) және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (Жалған нөмірі бар автокөлікті басқару) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлік айыппұл тұрағына қойылды", - делінген хабарламада.

Ведомство хабарлауынша, 20 шілдеде ер адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа жеткізілген.

"Шақырту бойынша келген видеодағы полицейге қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде, оның нәтижесінде заңды шешім қабылданып, тиісті шаралар қабылданады", - деп атап өтті облыстық полиция департаментінен.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029466-turkistan-oblysynda-er-adam-men-zedel-zardem-zurgizusisi-arasyndagy-tobeles-oqiganyn-man-zaiy-belgili-boldy/

pixel