Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК мен арнайы жасақ елімізден мұнай өнімдерін заңсыз әкетпек болғандардың жолын кесті (видео)

Опубликовано:

Күдіктілерді ұстау сәті
Күдіктілерді ұстау сәті. Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы жасақты тарта отырып, елден мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің жолын кесті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады

Ведомствоның хабарлауынша, 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті "А" арнаулы мақсаттағы қызметімен, сондай-ақ Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып, қазақстандық мұнай өнімдерін заңсыз шетелге, оның ішінде теңіз арқылы экспортқа шығару арнасының жолын кесті.

"Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ комитет тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Еске сала кетейік, өткен жылдың шілде айында Қазақстанның энергетика, қаржы және ішкі істер министрлері, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бензин мен дизель отынын 6 айға экспортқа шығаруға тыйым салатын бірлескен бұйрыққа қол қойған болатын.

Ал биылғы жылдың қаңтар айында елден бензин мен дизель отынын әкетуге салынған тыйым тағы 6 айға ұзартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029493-uqk-men-arnaiy-zasaq-elimizden-munai-onimderin-zansyz-aketpek-bolgandardyn-zolyn-kesti-video/

pixel