Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балалардың көзінше өз-өзіне қол жұмсаған әйел туралы жаңа деректер шықты

Опубликовано:

Бетін көрсетпей тұрған әйел
Әйел.Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Кеше, 20 шілдеде Алматыда үш баланың анасы кішкентай қыздарының көзінше өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болған еді. Оқиғаның мән-жайын отбасының көршілері айтып берді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

"Мен үшінші қабаттан кішкентай қыздың айқайлағанын естідім. Ол "Көмектесіңдер, көмектесіңдер! Анам қайтыс болды", деп айқайлады. Бір қыз өтіп бара жатыр еді, оған айттым барып көрейікші деп, жалғыз өзім баруға қорықтым. Сол кезде көрдім асылып қалғанын. Біз барғанда бәрі кеш еді", - дейді Нұргүл есімді отбасының көршісі.

Телеарна мәліметінше, қайғылы оқиға кешкі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, бұл кезде әйелмен бірге үйде оның екі қызы, кішісі мен ортаншысы болған. Ал үлкені атасына қонаққа кеткен.

Телеарна тілшілері марқұм Қырғызстан азаматы, 29 жастағы әйел екенін хабарлады. Оның Алматыда жақын туыстары жоқ.

Отбасының көршілері күйеуінің әйелден 15 жас үлкен екенін айтты. Балаларға дұрыс көңіл бөлмей, әйеліне қол көтерді, дейді.

Полиция "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша іс қозғады. Барлық мән-жайды тергеушілер зерттеп жатыр.

"Таныстарының, достарының, көршілерінің айтуынша, ол үнемі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Күйеуін бірнеше рет көзіне шөп салған жерінен ұстаған.

Күйеуі оны бір аптаға қуып жіберген кезі болған. Ол қыздарға күйеуінің балалардың жәрдемақысын тартып алғанын айтып шағымданған. Яғни, оған ақша бермеген, ол балаларын асырауға мәжбүр болған. Ол тігінші еді, тапсырыстар алатын. Тамақтар пісіріп, оны сататын", - дейді Жібек Әменова.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029519-almatyda-balalardyn-kozinse-oz-ozine-qol-zumsagan-aiel-turaly-zana-derekter-syqty-video/

pixel