Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар жаңа орталықта мемлекеттік орган басшыларының қабылдауына жазыла алады

Опубликовано:

Азаматтарды қабылдау
Астанадағы азаматтарды қабылдайтын жаңа орталық. Фото: primeminister.kz

Биылғы шілде айынан бастап Астанада Министрліктер үйінде (16-шы кіреберіс) орталық мемлекеттік органдардың халықпен жұмыс жүргізу мақсатында азаматтарды қабылдау орталығы өз жұмысын бастады. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында хабарлады.

"Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының жаңа ортасын құру. Ал оның жұмысының негізгі қағидаттары – клиентке бағдарлану, өтініш берушілерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және жалпы осы салаға жаңа стандарттарды енгізу", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, азаматтар мемлекеттік органға өтінішін бере алады, сондай-ақ ХҚКО-ға ұқсас түрлі ведомстволар өкілдерінен, медиаторлар және заң мамандарынан кеңес ала алады. Сонымен қатар мұнда азаматтар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігіне ие болады.

Орталық базасында келушілер өздеріне ыңғайлы жағдайда кез келген Орталық алаңында апта сайын 18 министрліктің өкілдері азаматтарды жеке қабылдайды, кесте Үкімет сайтында алдын ала жарияланатын болады. Бұл ретте өңірлердің тұрғындарына елордаға арнайы келудің қажеті жоқ, өйткені оларды онлайн-форматта да қабылдау жүргізіледі.

Орталықтың құрылуы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі ауқымды жұмыстың жалғасы болып саналады.

Бұған дейін бұл үдеріс шеңберінде өтініш берушілер құқықтарының басымдығын қамтамасыз ететін және өтініштерді қарау кезінде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтуді көздейтін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілген болатын. Одан кейін өңірлерде өтініштердің қаралуын бақылау бойынша бөлімдер жұмыс істей бастады, әкімшілік соттар жүйесі құрылып, eOtinish бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Жаңа Орталықтың базасында цифрлық ХҚКО іске қосылды, ол арқылы онлайн режимінде 1220 мемлекеттік қызмет түрін алуға болады.

"Орталықта әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, қылмыстық іс жүргізу немесе азаматтық іс жүргізу заңнамасында қарау тәртібі белгіленген өтініштер қабылданбайтынын атап өткен жөн. Бұл мәселелер бойынша азаматтар тиісті құқық қорғау немесе сот органдарының фронт-офистеріне жүгінуі тиіс", - деп хабардар етті ведомсводан.

Кешенді тәсіл жаңа Орталықты мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың және жұртшылықтың ең өзекті мәселелер төңірегіндегі өзара іс-қимылы жолға қойылған әрі сұранысқа ие диалог алаңына айналдырады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029541-qazaqstandyqtar-zana-ortalyqta-memlekettik-organ-bassylarynyn-qabyldauyna-zazyla-alady/

pixel