Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік сатып алу конкурсы өтпеген соң 3 мыңға жуық астаналық жеңілдіксіз қалған

Опубликовано:

Автобус іші
Автобус іші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қоғамдық көлікте тегін жүру үшін арнайы карта алуға тиіс болған 3 мыңға жуық астаналық жеңілдіксіз қалды. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының ресми сайтында хабарланды.

Ведомство мәліметінше, Сарыарқа ауданының прокурорлары жекелеген санаттағы азаматтарға қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеуден босату бойынша қаншалықты көмек көрсетіліп жатқанын тексерді.

Бұл ретте биыл әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға елорданың автобустарында тегін жүруге электрондық жеке карточкалар берілмегені анықталды.

Ведомствоның хабарлауынша, уәкілетті орган электрондық карталарды сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын қайта өткізбегенінің салдарынан карточкалар берілмеген.

"Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 2 900-астам астаналықтың құқығы қалпына келтірілді, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың барлық санаттарына қоғамдық көлікте жеңілдетілген жол жүру құқығымен дербестендірілген карточкалар беріліп, кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Астана қаласы әкімдігі ресми сайтында елордада қоғамдық көлікте тегін жол жүруге құқығы бар адамдардың тізімі кеңейтілгені туралы айтты.

Енді бұл жеңілдікті "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіп бойынша ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылардың арасында саяси қуғын-сүргін құрбандары да ала алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029566-memlekettik-satyp-alu-konkursy-otpegen-son-3-mynga-zuyq-astanalyq-zenildiksiz-qalgan/

pixel