Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ауыз суға бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталған экс-шенеунік пен кәсіпкер сотталды

Жарияланған күні:

Судья үкім оқып тұр
Судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жамбыл облысында ауыз судың сапасын жақсартуға бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталған тұлғаларға сот үкімі шықты. Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Сарыбастау ауылында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы М, "Қордай су" МКК директоры К және кәсіпкер Е құжаттар бойынша құны 12,3 миллион теңгені құрайтын су мұнарасын салуы тиіс болған.

Алайда нысанды егжей-тегжейлі талдау және визуалды қарау кезінде су мұнарасының шын мәнінде салынбағаны анықталған.

"Тергеу барысында тараптар 6,5 миллион теңгені иемденіп, өзара бөлісіп, ауыл тұрғындарына өздігінен ағып жатқан суды пайдалануға қалдырғаны белгілі болды", – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қордай ауданының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорларына берілген.

Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданған.

Қордай аудандық сотының 2023 жылғы 18 шілдедегі үкімімен М Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып 8 жылға, кәсіпкер Е Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі, 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Ал заңсыз игерілген ақша толығымен мемлекетке қайтарылған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029622-zambyl-oblysynda-auyz-suga-bolingen-qarzyny-zymqyrdy-dep-aiyptalgan-eks-seneunik-pen-kasipker-sottaldy/