jitsu gif

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады

күн ыстық
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер сенбі, 22 шілдеде Қазақстанның мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматыда күн бұлтты болғанымен, жаңбыр жаумайды. Күндіз ауа температурасы +33…+35 градусқа дейін көтеріліп, түнде +23…+25 градусқа дейін түседі деп күтілуде. Сонымен қатар оңтүстік астанада секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады.

Сенбіде Астанада да күн ашық болады деп болжануда және термометр бағанасы күндіз +27…+29 градус, түнде шамамен +13…+15 градусты көрсетпек. Ал желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге барады.

Ал Шымкентте бүгін күн ыстық әрі бұлтсыз болады және күндіз ауа температурасы +36…+38 градусқа дейін барады.

Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.