Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасы қасында болған": Ақтөбе облысында кәмелет жасына толмаған үш қыз бала суға батып кетті

Опубликовано:

Өзен
Өзен. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында кәмелет жасына толмаған үш қыз бала суға батып кетті. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қайғылы жағдай 21 шілде күні болған.

Ведомство мәліметінше, 16:45-те Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылдық округі, Аралтоғай ауылынан 3 шақырым қашықтықтағы Ырғыз өзенінде 3 жасөспірім қыздың шомылуға тыйым салынған жерде суға батып кеткені жөнінде 112 құтқару қызметіне хабарлама келіп түскен.

Куәгерлер 2007 және 2011 жылғы балалардың денесін судан шығарған.

Ал 2013 жылғы қыз баланың денесін жедел құтқару жасағының қызметкерлері сағат 21:32-де жағадан 10 метр қашықтықта 6 метр тереңдіктен алып шықты.

Суға шомылу кезінде, бір қыз баланың анасы қастарында болған.

Осы орайда Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды ескертті.

1) Балаларды су айдындарында ересектердің қарауынсыз қалдыруға,

2) Бейтаныс, суға түсуге жабдықталмаған орындарда суға түсуге,

3) алкогольдік және есірткілік мас күйде шомылуға,

4) жүзу шектерін белгілейтін қалтқылардан тыс жүзуге,

5) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге,

6) демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқысты жағалауда қалдыруға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029670-anasy-qasynda-bolgan-aqtobe-oblysynda-kamelet-zasyna-tolmagan-us-qyz-bala-suga-batyp-ketti/

pixel