Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аузы мен қолын байлаған": Алматы маңында кәмелет жасына толмаған қызды ұрлап кеткен 23 жастағы келіншек ұсталды

Опубликовано:

Қыз
Қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап әкеткен әйел ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Күдікті Алматы облысы Қарғалы ауылының қараусыз қалған ғимараттың аумағына кәмелет жасына толмаған қыздың аузы мен қолын байлап апарып, кейін оны босатып жіберген.

Тексеру кезінде полиция қызметкерлері 23 жастағы әйелді анықтады.

Ол Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталып, арнайы полиция бөлімшесіне орналастырылды.

Ведомство мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 126-бабының 2-бөлігі 5-тармағы (Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты; бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029675-almaty-manynda-23-zastagy-kelinsek-kamelet-zasyna-tolmagan-qyzdyn-auzy-men-qolyn-bailap-aketken/

pixel