Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің бірнеше облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық күтілуде

Опубликовано:

көзілдірік
Көзілдірік. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 23 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгінде де Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр, бұршақ, найзағай, дауыл, сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман күтіледі.

Бүгін тек республикамыздың оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында және орталығында күн жауын-шашынсыз болмақ.

Сонымен қатар бүгін Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қарағанды, Абай, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 35-41°С дейін аптап ыстық күтіледі.

Бұдан бөлек Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында өрт шығу қауіпі сақталады.

Мамандар ал Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында өрт шығу қауіпі жоғары деңгейде сақталатынын ескертіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029704-bugin-birnese-oblysta-41-gradusqa-deiin-aptap-ystyq-kutilude/

pixel