jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Түркістан облысында рұқсат етілмеген жарық сигналымен емін-еркін жүрген көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

рұқсат етілмеген жарық сигналымен жүрген көлік
Құқық бұзушының көлігі. Видеодан кадр: t.me/turkistan_polisia

Түркістан облысында көлігіне рұқсат етілмеген қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Telegram парақшалардың бірінде жүргізушінің Mercedes автокөлігіне рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатып, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген бейнежазба анықталған.

Бұл жағдай Түркістан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылының тасжолында тіркелген. Көлік иесі Шымкент қаласының тұрғыны, жас жігіт болып шыққан.

Оған қатысты ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігі және 603-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Көлік айыптұрағына қойылған.

Түркістан облысында рұқсат етілмеген жарық сигналымен емін-еркін жүрген көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.