Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан спортшыны құтқарып қалды

Опубликовано:

Жасөспірімді құтқарып қалған Әлібек Ноғаев марапатталуда
Жасөспірімді құтқарып қалған Әлібек Ноғаев марапатталуда. Фото: polisia.kz

Ұлттық ұлан сарбазы ескек есу бойынша жаттығып жүріп, суға батып кете жаздаған спортшыны құтқарып қалды. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы Polisia.kz ресми жаңалықтар арнасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 21 шілде күні елордадағы студенттік саябақта қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы суға тұншығып, көмекке шақырған жасөспірімді байқаған.

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев бұл туралы радиостанция көмегімен патрульдік топтың бастығына хабар беріп, кейін киімін шешіп, өзі суға секірген.

Белгілі болғандай, ескек есу бойынша жаттығу кезінде жел екпінінен 12 жастағы жасөспірім каноэсі аударылып, ол суға бата бастаған.

Жауынгердің батыл және жылдам әрекетінің нәтижесінде жасөспірім аман қалған.

Ведомство жасөспірімді құтқарып қалған сарбаз бен әскери жасақтың барлық құрамы елордалық жедел бригада командирінің алғыс хатымен мараптталғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029735-ulttyq-ulan-sarbazy-eskek-esu-boiynsa-zattygyp-zurgen-sportsyny-qutqaryp-qaldy/

pixel