jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Өскеменде тыйым салынған діни кітаптарды сақтаған ер адам айыппұл арқалады

кітап
Кітап. Көрнекі фото: pixabay.com

Өскемен қаласында тыйым салынған діни кітаптарды сақтаған 31 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің қалалық соттың мәліметіне сүйеніп жазуынша, ер адам тыйым салынған діни кітаптардың суретін әлеуметтік желіге салған.

Желіге мониторинг жүргізген полиция қызметкерлері мұны байқап, оған қатысты іс қозғаған. Алайда сот барысында азамат кінәсін мойындамай, кітаптардың өзінікі еместігін айтқан.

Сондай-ақ ер адамның ұялы телефонынан діни сипаттағы аудиоқосымша да табылған.

Сот үкімімен айыпталушы ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 241 500 теңге айыппұл салынған.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістанда кәмелетке толмаған 70-ке жуық балаға заңсыз діни сабақ өткізген азамат анықталған еді.

Өскеменде тыйым салынған діни кітаптарды сақтаған ер адам айыппұл арқалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.