Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Белдемшенің астынан суретке түсірген": Семей тұрғыны әдепсіз әрекеттер жасады деп күдікке ілінді

Опубликовано:

Дүкенде әдепсіз әрекет жасаған күдлікті
Дүкенде әдепсіз әрекет жасаған күдлікті. Фото: instagram.com/abai_department_police/

Семей қаласында дүкен ішінде "әйелдің белдемшесінің астын суретке түсіріп алды" деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық ПД Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Абай облысы ПД қызметкерлері белгісіз ер адамның әйелдерді киімдерінің астынан суретке түсірген бейнежазбаны анықтады", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары облыс орталығының 55 жастағы тұрғынын анықтап, оған қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 2-бөлігі ұсақ "бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Осы баптың санкциясымен он бес күннен отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген.

Полиция іс бойынша шешім қабылдау үшін материалдар Семей қаласының әкімшілік сотына жіберілгенінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029759-beldemsenin-astynan-suretke-tusirgen-semei-turgyny-adepsiz-areketter-zasady-dep-kudikke-ilindi/

pixel