Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғындар Алматы облысындағы Қотырбұлақ өзені қоқысқа толып қалғанын айтып, дабыл қақты (видео)

Опубликовано:

Қотырбұлақ өзені
Ластанған Қотырбұлақ өзені. Видеодан кадр: youtube.com/@Khabar24

Табиғат жанашырлары Алматы облысындағы Қотырбұлақ өзеніне тұрғындар қоқыс тастап, өзеннің тазалығы нашарлап кеткенін айтады. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, бастауын Алатаудың шың құздарынан алатын өзеннің тазалығы нашарлап кеткен. Мөлдір су елді мекендерге жеткенде ластанып, лайланып кетеді. Оған басты себеп - адамдардың санитарлық мәдениетінің төмендігі.

"Үй жағымды қоршадым осы арықты таза ұстайыншы деп. Қоршаудың ар жағын қазір барып көрсеңіздер масқара. Баклажкадан су көрінбейді. Сол тазалық керек. Видеокамера қойдым, осында жазу да жаздық "Қоқыс тастамаңыздар деп" сонда да қарамайды халық. Лақтыра береді. Өзіміздің төмендігіміз деп ойлаймын осы. Қоқыс тастамау керек. Өзіңнің тұрған жеріңді таза ұстау керек", - дейді ауыл тұрғыны, табиғат жанашыры Бақытжан Жақашбаев.

Телеарна ақпаратынша, өзен үйлердің арасымен ағып жатыр. Бұл мәселеге қатысты Тұздыбастау ауылдық әкімдігі мамандары жауап берді.

"Анықтап, айыппұл салып жатырмыз ұсталған жағдайда. Видеофиксация, фото болған жағдайда салып жатырмыз. Қоқыс тастаса ескерту береміз, екінші рет айыппұл салынады", - деді Тұздыбастау ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Рауан Қуанышұлы.

Телеарна мәліметінше, өзеннің суы көктемде молайса, жазғы маусымда таязданып кетеді. Ол етектегі Қапшағайға, одан әрі Ілеге қосылады. Жалпы, әкімшілік құқық бұзу кодекс бойынша рұқсат етлімген жерлерге қоқыс тасталған дерек анықталса, жеке тұлға жауапқа тартылып, 60 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029800-turgyndar-almaty-oblysyndagy-qotyrbulaq-ozeni-qoqysqa-tolyp-qalganyn-aityp-dabyl-qaqty-video/

pixel