jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Елордада екі жасөспірімнен АИТВ инфекциясы анықталды

зерттеу
Алынған сынама. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорданың бас санитариялық дәрігері Сарқат Бейсенова қалада АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырғандар туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бринфингте БАҚ өкілдері Астанада қанша адамның АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясын жұқтырғанын сұрады.

"Статистикаға сүйенсек, Астанада 6 айда АИТВ инфекциясын жұқтырудың 206 жағдайы тіркелді, қателеспесем, екі жағдай жасөспірімдер арасында тіркелген", - деп жауап берді Сарқыт Бейсенова.

Еске сала кетейік, биыл маусым айында Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында үш пациенттен АИТВ инфекциясы анықталған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі аталған факті бойынша тексеру жұмыстарын бастаған еді.

Кейін ведомство АИТВ жұқтырған пациенттер 2023 жылдың сәуір айында орталық клиникалық аурухананың бірнеше бөлімшесінде медициналық көмек алғанын хабарлады.

Сондай-ақ министрлік пациенттер байланысты болған 593 адамнан АИТВ-ға тексеру үшін материал алынғанын, оның 419-ы теріс нәтиже көрсеткенін қалған 174 адамдыкі тексеріліп жатқанын атап өткен еді.

Елордада екі жасөспірімнен АИТВ инфекциясы анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.