Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшылары жүйелі жемқорлық бойынша сотталды

Опубликовано:

Полиция қызметкерлері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшылары жүйелі жемқорлық қылмыстары үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, айыпталушыларға қатысты сот үкімі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында шыққан.

Сот үкімімен 4-ротаның бұрынғы командирі Қ. Әлімханов пен 8-ротаның бұрынғы командирі Н. Мырзалиев 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ оларға мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынған.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Айта кетейік, сотталғандарды Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен полиция департаментінің Өздік қауіпсіздік басқармасы әшкерелеген болатын.

Антикор мәліметінше, сотталғандар қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін бағыныстылардан тұрақты негізде 5-тен 10 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алды деп айыпталған.

Бұдан бөлек Әлімханов әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін өзінің қарамағындағылар арқылы Шымкент қаласының тұрғынынан 130 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029856-symkent-zergilikti-policiya-qyzmetinin-buryngy-bassylary-zuieli-zemqorlyq-boiynsa-sottaldy/

pixel