Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жұмбақ жағдайда 40 шақты сиыр қырылып қалды (видео)

Опубликовано:

Сиыр
Сиыр. Көрнекі фото: Рixabay.com

Павлодар облысының Железин ауданында 40 шақты сиыр қырылып қалды. Ірі қараның неден өлгені белгісіз. Мамандар жануарлар уланған деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, Железин ауданы Башмачный ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде 37 сиыр қырылып қалған.

Малдың нақты неден қырылғаны белгісіз, себебі зертханалық тексерістен кейін белгілі болмақ. Қазір мән-жайды арнайы комиссия анықтап жатыр. Төрт түліктен сынама алынып, мамандарға тапсырылған. Сонымен қатар жайылымдық жердегі шөп, топырақ пен судан да сынама алынған.

Әзірге ірі қара "өрістен уланған" деген болжам бар. Өйткені жақын маңда зиянкес жәндіктерге қарсы химиялық заттармен өңделген картоп алқаптары орналасқан екен.

"Мал қырылған жайылым маңында картоп алқаптары бар. Бұл жердегі көкөністер пестицидтермен өңделген. Бұл зат малға аса зиян. Екіншіден, сиырлар "фитоулардан" улануы мүмкін. Жаңбырдан соң улы өсімдіктер шығады. Осындай екі болжамымыз бар", – дейді ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Асылтас Тілеубаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029919-pavlodar-oblysynda-zumbaq-zagdaida-40-saqty-siyr-qyrylyp-qaldy-video/

pixel