Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астананың қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысына қатысты іс сотқа жолданды

Опубликовано:

"Қылмыстық іс" құжаттары
"Қылмыстық іс" құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" ММ басшысына қатысты істі сотқа жолдады. Ол жемқорлық бойынша күдікке ілінген. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" ММ басшысына қатысты тергеуді аяқтаған.

"Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деп күдіктелуде", - делінген хабарламада.

Антикор қазіргі уақытта айыпталушының ісі сотқа жолданғанын атап өтті.

Агенттік мәліметінше, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін Астананың қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысына қатысты тергеу басталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029932-47-mln-tenge-koleminde-zalal-keltirgen-dep-kudiktelude-astanada-basqarmasy-bassysyna-qatysty-is-sotqa-zoldandy/

pixel