Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының жолаушылар көлігі басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды

Опубликовано:

Кісен салу
Қамауға алу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен "Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.

Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен "Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысының бұрынғы орынбасарын ұстаған.

"Ол Кербұлақ ауданы Малайсары ауылының кіреберіс автожолында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деп күдіктелуде. Мемлекетке 37 млн теңгеден астам сомаға елеулі материалдық залал келтірілді", - делінген хабарламада.

Облыстық прокуратура мәліметінше, осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Құзырлы орган Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етілмейтінін, тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029954-almaty-oblysynda-basqarma-bassysynyn-buryngy-orynbasary-ustaldy/

pixel