"Теңізде түнеп шыққан": Ақтауда үрмелі матраспен теңіз ортасына ағып кеткен үш қыз табылды
Жарияланған күні:
Ақтауда үрмелі матраспен теңіз ортасына ағып кеткен үш қыз бір түннен кейін табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бүгін таңғы сағат 6 шамасында "Қазтеңізкөлікфлоты" ЖШС "Сұңқар" кемесінің экипажы теңіз жағалауынан 22 шақырым қашықтықта 3 қызды құтқарды", – делінген баспасөз хабарламасында.
ТЖД мәліметінше, қыздардың денсаулық жағдайы тұрақты, оларға медициналық көмек көрсетілген.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде үрмелі матрацта отырған үш қызды теңіз толқыны алып кетіп, құтқару жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029980-kaspii-tenizinde-tunep-syqqan-aqtauda-urmeli-matraspen-teniz-ortasyna-agyp-ketken-us-qyz-tabyldy/