Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезіндегі 4 жасар қыздың өлімі: әскерилерге қатысты іс 26 шілдеде қаралады

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасы
Алматы. Қаңтар оқиғасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаңтар оқиғасы кезінде кәмелеттік жасқа толмаған баланың өліміне әкелген қару қолдану арқылы "өкілеттігін асыра пайдаланды" деп айыпталған әскери қызметкерге қатысты істі қарау басталды. Бұл туралы бас әскери прокуратураның ресми сайтында хабарланды.

Құзырлы органның мәліметінше, сот отырысы 26 шілдеге жоспарланған.

Әскери бас прокуратураның хабарлауынша, Алматы гарнизонының әскери соты әскери қызметші А.И.Жұман қару қолданумен билікті асыра пайдаланып, кәмелетке толмаған Айкөркем Мелдеханның өліміне әкеп соқтырғаны туралы Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы қылмыстық істі қарауды бастады.

"Қорғану тарапы да, жәбірленуші тарап та тиісті заң көмегімен қамтамасыз етілген, қорғаушылары бар. Қылмыстық процеске қатысушылардың арызы бойынша оларға мемлекеттік құпияларға рұқсат ресімделген.

Сондай-ақ қайтыс болған кәмелетке толмаған А.Мелдеханның әкесі Айдос Мелдеханға мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу бірнеше рет ұсынылды. Алайда Айдос Мелдехан рұқсат жасаудан бас тартты. Оған мемлекеттік құпияларға рұқсат беруден бас тартудың салдары ескертілді", - делінген хабарламада.

Бас әскери прокуратура айыптау А.И. Жұманның іс-әрекетінің заңсыздығын растайтын қылмыстық іс материалдарына тіркелген (куәгерлердің айғақтары, сараптамалардың қорытындылары және басқа да дәлелдемелер) дәлелдермен қатаң негізделетінін атап өтті.

Құзырлы орган қазіргі уақытта басты сот талқылауы тағайындалғанын, оның барысында барлық жиналған дәлелдемелер зерттеліп, баға берілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2022 жылы 7 қаңтарда болған еді. Қазақстанның бұрынғы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин 7 қаңтар, кешкі сағат 19:00-де Сейфуллин мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында әпкесі мен кішкентай сіңлісі мінген көлікке оқ жаудырылғанын хабарлаған болатын. 4 жасар кенже қыз сол жерде көз жұмып, 15 жасар әпкесі оқ жарақатымен ауруханаға түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2029993-qantar-oqigasy-kezindegi-4-zasar-qyzdyn-olimi-askerilerge-qatysty-is-26-sildede-qaralady/

pixel