Алматы маңында сауда орталығында ер адам қыз баланы тепкен: жағдайға қатысты Динара Закиева пікір білдірді
Жарияланған күні:
Алматы маңындағы сауда орталығында қызды тепкен шетелдіктің әрекеті неліктен бұзақылық деп бағаланды? Бұл сұраққа балалар омбудсмені Динара Закиева Facebook-тегі ресми парақшасында жауап берді.
"Кеше маған сауда орталығында қыз баланы теуіп құлатқаны туралы ақпарат келіп түсті.
Бұл жайт "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелді. Күдікті адам ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды. Алматы облысы ІІМ ПД-мен байланыстамын", - деп түсіндірді балалар омбудсмені.
Оның сөзінше, кішкентай қызды тепкен шетелдік әуелі Қазақстанда жазаланып, кейін сот шешімі күшіне енгеннен соң оны Қазақстан Республикасы шекарасынан шығаруға бағытталған сот процесі басталады.
Сондай-ақ ол бүгінде заңнамада балаларға қатысты қылмыстың осындай құрамына байланысты бап жоқ екенін атап өтті.
"Нәтижесінде тұлға жауапқа "кәмелетке толмағанға қатысты жасалған іс-әрекет" деген ауырлатушы біліктілік белгісі де жоқ "Бұзақылық" бабы бойынша тартылады.
Осыған байланысты біз қазір ІІМ-мен бірлесіп, заңнамаға балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты тиісті баптарды енгізумен жұмыс істеп жатырмыз.
Жалпы, түзетулер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты әртүрлі саламен байланысты. Заңнамаға ұсыныстар пакетін парламентке осы күзде беруді жоспарлап отырмыз", - деді Динара Закиева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030009-almaty-manynda-sauda-ortalygynda-er-adam-qyz-balany-tepken-zagdaiga-qatysty-dinara-zakieva-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.