Қазақстанға оралған Мұхтар Әблязовтың ағасы ұсталды
Жарияланған күні:
Алматы қаласының әуежайында Қазақстанға өз еркімен оралған Мұхтар Әблязовтың сыбайласы әрі ағасы Нұрғазин Қуаныш ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.
Ведомствоның мәліметінше, Қуаныш Нұрғазин Мұхтар Әблязов басқаратын "BSC" ЖШС-ның номиналды директоры. Әблязов және оның сыбайластары осы компанияны заңсыз несиелендіру арқылы БТА Банктен аса ірі көлемде қаражат жымқырған.
Бас прокуратураның ақпаратынша, Нұрғазин сотталушы бола тұра және ешқайда кетпеу туралы міндеттемесін бұза отырып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында соттан жасырынған.
Кейін 12 жыл бойы Литва аумағында жасырынып, сол жерде босқын мәртебесін алған.
"Нұрғазин Қазақстанға өз еркімен оралуға ниет білдірді. 2023 жылғы 24 шілдеде паспорттық бақылаудан өткеннен кейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотталушының өтініші бойынша Нұрғазиннің жасы мен денсаулығының жағдайы ескеріліп, 25 шілдеде сот оған бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу деп өзгертті", - делінген хабарламада.
Бас прокуратураның хабарлауынша, жуырда қайтадан басты сот талқылауы басталады. Нұрғазиннің заң алдындағы жауапкершілігін сот айқындайтын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030030-muxtar-ablyazovtyn-sybailasy-qazaqstanga-oraldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.