Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш қыз анасыз қалды": Жаңаөзен ауруханасында 32 жастағы жүкті әйел қайтыс болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Жаңаөзенде 32 жастағы жүкті әйел ауруханада көз жұмды. Енді марқұмның анасы қызының өліміне кінәлілерді жауапқа тартуды талап етуде, деп хабарлайды Lada.kz.

Анаргүл Қуанованың сөзінше, 17 шілдеде оның қызы 32 жастағы Бибі Қуанова жұмыс орнында ауырып қалған. Ол жүктіліктің жетінші айында болды.

Әйелдің айтуынша, Бибіде дене қызуы күрт көтерілген, құрысулар басталған. Әріптестері жедел жәрдем шақырған. Әуелі Бибі жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген, бірақ ол жүкті болғандықтан қалалық аурухананың гинекология бөліміне жатқызылған.

"Фельдшерлер мен жедел жәрдем дәрігерлері оны ауруханаға дұрыс жатқыза алмады. Ауруханада лифт жұмыс істемеді, біз оны зембілмен төртінші қабатқа көтердік. Дәрігерлер ол өзі босанатынын айтты, кесарь тілігін жасауды ұсынған жоқ", – деді Анаргүл Қуанова.

Кейін Анаргүл Қуанованың айтуынша, кезекші дәрігер сәби анасының құрсағында өлгенін хабарлаған.

"Мен қызымды қажыған күйде көрдім, ол тыныс ала алмады. Оған оттегі маскасын беруді өтіндім, бірақ дәрігерлер бұл түтіктерді қалай салу керектігін де түсінбеді.

Маған барлық дәрігерді шақыруға тура келді, өйткені бірдеңе дұрыс емес екені анық болды. Бірақ менен шу шығармауымды өтінді. Неліктен дәрігерлер кесарь тілігін жасауға ешқандай себеп жоқ дегені мен үшін әлі жұмбақ", - деп қосты босанған әйелдің анасы.

Басылымның дерегінше, ауруханадан бірнеше сағат бойы хабар болмаған. Алайда кейінірек туыстарына Бибінің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар жеткен.

"Бұған дейін Бибіде түсік болған, ол сәбиін күтіп жүрген еді, немқұрайлылық пен әрекетсіздіктің кесірінен үш кішкентай қыз анасыз қалды.

Мен қызымның өліміне жол бергені үшін кезекші дәрігерді, фельдшерді сотқа беремін. Біздің келісімсіз қызымның денесі Ақтау мәйітханасына жеткізіліп, денені кесу арқылы сараптама жасалды", - деді Анаргүл Қуанова.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Жаңаөзен перзентханасында босанған әйелдің өлімі туралы ақпаратты растады. 32 жастағы әйелдің өлім себебін арнайы комиссия анықтап жатыр. Оқиға орын алған перзентханада қызметтік тексеру басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030073-us-qyz-anasyz-qaldy-zanaozen-auruxanasynda-bosangan-32-zastagy-aiel-qaitys-boldy/

pixel